Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
E-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихат аппаратының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 1 қабат, № 11 кабинет, тел: 8(72636) 2-10-59 немесе электрондық почта: a.bekbatyrov@zhambyl.gov.kz, korday_maslihat@mail.ru.
- Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихат аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы, санаты Е-4, 1-бірлік, № 01-04, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Аппарат басшысының және кеңсе бөлімшесі басшысының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Мәслихат шешімдерінің әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етеді, шешімдерге қол қоюды ұйымдастырады, шешімдер жобаларына заң сараптамасын жүргізеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында тіркелген нормативтік құқықтық актілердің жариялануын қамтамасыз етеді Нормативтік құқықтық кесімдерге тұрақты түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мониторинг жүргізеді, аудандық мәслихаттың шешімдерінің, аудандық мәслихат төрағасының өкімдерінің және тұрақты комиссиялардың қаулыларының заң талаптарына сай рәсімделуін қамтамасыз етеді. Аудандық мәслихат аппаратында құқықтық оқытуды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы барлық заңнамалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, қажет болған жағдайда сот процестеріне қатысады.
Белгіленген мерзімде аудандық мәслихат сессиясының жүргізілу тәртібін, сессияға енгізілген мәселелерді дайындауды және олар бойынша шешім жобаларын әзірлеп, депутаттарға жіберуді қамтамасыз етеді. Аудандық мәслихаттың шешімдері мен тұрақты комиссиялардың қаулыларының орындалу барысын қадағалайды, оларды мәслихат төрағасына хабарлап отырады.
Аудандық мәслихат депутаттары мен тұрақты комиссияларға өздерінің қызметтерін жүзеге асыруда тәжірибелік және әдістемелік көмектер көрсетіп, олардың ауыл округ әкімдерімен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара байланысына жәрдемдеседі.
Мәслихатта құрылған тұрақты комиссияның жұмысын жүргізеді.
Сайлау комиссияларының құрамын әзірлейді, оларға өзгерістер енгізу жұмыстарын ұйымдастырады.
Мәслихат аппаратының тәртіптік комиссиясының жұмысын ұйымдастырып, оның іс қағаздарын жүргізеді. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заң талаптарын орындалуына жауапты.
«Депутаттарға көмек» әдістемелік бөлмесінің жұмысын ұйымдастырып, жүргізеді. Тұрақты комиссиялармен депутаттардың іс-тәжірибелерін зерделеп жинақтайды, сессия шешімдерінің және тұрақты комиссиялардың қаулыларын, хаттамаларын нақтылап, мемлекеттік тілде түзуді қамтамасыз етеді. Депутаттардың ұсыныстары мен сын-ескертпелерін талдайды, олардың қорытындылары бойынша мәслихат төрағасына ұсыныстар енгізеді.
Қабылданған нормативтік-құқықтық актілерін облыстық Әділет Департаментінде тіркелуін қамтамасыз етеді. Құқық мәселелері туралы анықтамалар, ақпараттар дайындайды.
Аудандық мәслихаттың облыстық әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өтетін шешім жобаларын әзірлеп, «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында уақытында енгізеді.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталын заң талаптарына сәйкес жұмысын жүргізеді.
Аудан әкімінің аппараты мен аудан әкімдігінің бөлімдерімен тығыз жұмыс жасайды. Оларға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (11- жұмыс кабинетті).
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай аудандық мәслихат аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.