Жақына Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Кеңес Одағының батыры, генерал Д.Асановты еске алуға арналған әскери қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир өткен болатын. Аталмыш бәсекеге барған «Қордай батыр» жекпе-жек клубының жас спортшылары жеңіспен оралды. Балалар, жасөспірімдер және жастар арасында болған байрақты бәсекеде қордайлық Артем Вакутин жүлделі І орынды жеңіп алса, Салим Фараджиев ІІ орынға, Мирас Орманбек пен Никулай Александр ІІІ орынға ие болды.
Тәжірибелі жаттықтырушы Қазбек Орманбектен тәлім алатын жастар алда талай биіктерді бағындырары анық. Ал, жеңімпаз спортшылар өз кезегінде осы жарысқа баруға демеушілік көрсеткен кәсіпкер Асқар Жұмабаев пен ата-аналарға алғысын білдіруде.