Жамбылды жас ақындар жырлады

0

Жақында Мерке ауданында айтулы мереке Республика күні қарсаңында Жамбыл облысының 85 жылдығына орай, Облысымыздың экономикалық, мәдени өсіп өркендеу жолындағы дамуын, тарихи-мәдени ескерткіштерінің құндылығын насихаттау мақсатында «Ғасырлар тоғысында асқақтаған – Жамбыл» атты жас ақындар мүшәйрасы өткізілді

Байқауда облыс орталығы мен оған қарасты бірқатар аудандардан жиналған жас ақындар өз  өнерлерін ортаға салды. Әділ-қазылар алқасының қорытынды шешімімен бірінші орынды Қордайлық ақын қыз Аяжан Құрбанияз еншілесе, екінші орынды жерлесіміз Дана Шаймарданова иеленді. Ал жүлделі үшінші орынды «Қордай шамшырағы» газетінің тілшісі Әділет Құттыбай мен Айнур Абдулмақсұт қанжығаға байлады. Сонымен қатар, жерлесіміз Айым Метерхан «Арқалы ақын», Аяулым Жолдас «Талантты ақын», Құлпыбай Айкерім «Сыршыл ақын» номинацияларымен ерекшеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.