Қордай аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашасындағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының ( әрі қарай — Жұмысшы топ) мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Осы Жұмысшы тобын сайлау үшін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан ұсыныстар 2024 жылдың «9» желтоқсанынан бастап «23» желтоқсанына дейін сағат 18:30-ға дейін қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мекенжайы және уақыты:
Қордай ауылы, Төле би көшесі, № 106.
№11 бөлме, байланыс телефоны, факс — 2-10-59,
электрондық мекенжай: korday_maslihat@mail.ru
уақыты: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс: 13.00 — 14.30.
Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес құрамын қатыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы құрылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы бола алады;
сотталғандығы болмауы;
сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген үлгіге мыналар қоса беріледі:
- Ұсынылып отырған немесе өзін ұсынып отырған кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.
- Коммерциялық емес және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі.
Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Н.Садыков