Жыл сайын жаңа жылдық мереке жақындаған сайын оның дәстүрлі символы — жаңа жылдық шыршаға тұрғындардың сұранысы арта түседі.
Ағымдағы жылғы 21 қарашада №27-03/331-нқ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мемлекеттік орман қоры аумағында заңсыз ағаш кесудің алдын алу және болдырмау мақсатында, 2024 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқанжапырақты ағаш тұқымдылардың жас талдарын қорғауды күшейту туралы бұйырды.
Жана жылдық шыршалар мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу үшін ұйымдар мен мекемелерге облыстар әкімдіктерінің өтінімдері негізінде, Орман шаруашылығы жене жануарлар дүниесі комитетінің рұқсаты бойынша ғана босатылады, ал тұрғындарға тек құрама шыршалар мен контейнерлердегі тірі шыршаларды ғана сатуға рұқсат етіледі.
Қылқан жапыракты ағаш тұқымдылардың жас талдарын заңсыз кесуден қорғау мақсатында ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан бастап 31 желтоқсан аралығында аудан көлемінде қылқанжапырақ ағаштардың заңсыз сатылуын бақылау үшін мобильді топтар кұрылады.
Қылқан жапырақты ағаштардың жас талдарын заңсыз кескені үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» КР Кодексінін, 381-1-бабына және КР Қылмыстық, Кодексінін 340-бабына сәйкес жауапкершілік көзделеді, соның нәтижесінде бұзушылық жасаған тұлғаға 600 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.
Жаңа жылдық шыршаларды заңсыз кесу фактісі байқалған жағдайда, 102 құқық қорғау органдары телефонына немесе 8 (72636)4-52-66 телефондары бойынша хабарлауды сұрайды.
М.Табиев, «Қордай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-нің Орман күзету және қорғау инженері