Шахматтан кім мықтыны анықтады

0

16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында  №27 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде бастауыш сынып оқушылары арасында  шахматтан ауыспалы кубок үшін «Ақылмандар» жарысы өтті.

Жарысқа 22 оқушы қатысып өз өнерлерін шахмат тақтасында көрсете білді.  Қызықтыда тартысты өткен сайыста «Жеті рет ойлап, бір рет жүру» қағидасын ұстанған 6 сынып оқушысы Аслан Аймахан турнир жеңімпазы атанып, Кубок иегері атанды. Асланға оның алғашқы ұстазы Айнұр Құрманбаева 1 орын медальін, ауыспалы кубок пен қоса жарысқа қатысқаны үшін грамота ұсынды.  Жүлделі ІІ  орынды Ерасыл Адамбаев ұтып алса,  ІІІ орынды Стас Корников қанжығаға байлады.

Спорттық іс-шараға демеушілік жасағаны үшін Мәлік Адамбаевқа, шахмат өнерін дамытуға қолдау көрсеткені үшін мектеп директоры Аида Бейсебековаға, іс-шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болған ұжымға оқушылар, ата-аналары ыстық ықылас, алғыс білдірді

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі

Leave A Reply

Your email address will not be published.