ҚОРДАЙЫМ– ҚҰТ МЕКЕНІМ

0

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қордай ауданында «Қордайым – құт мекенім» атты өнер фестивалі басталған болатын. Қараша айына дейін созылған фестивальде жұма күндері әр ауылдық округ Қордай ауылындағы жасыл саябақта өнер кешін ұйымдастырып тұрды. Міне, өнер фестивалінің шымылдығы түріліп, аудандық Мәдениет үйінде үздіктерді марапаттау рәсімі өтті.

«Қордайым – құт мекенім» атты фестивалінің ережесіне сәйкес әр ауылдық округі өздерінің ауылдарымен таныстырып, түрлі ұлттық салт-дәстүрді көрсетіп, музыкалық нөмірлер, топтар әдемі қазақ салттарын көрсетіп, олардың арасында ұмытылған әдет-ғұрыптар кездестіріліп, домбырада ойналған күйлер мен әндер де өте көп болды, спорттық жарыстарда орын алып, түрлі ұлттық тағамдар да ұсынылды.

Фестивальдің жабылу салтанатында халықтың назарына ән мен күйін, ұлттық биін, қазақи салт-дәстүрді, сахналанған тарихи көрінісін ұсынған өнер ұжымдары еңбектері үшін марапатталды. Аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай байқаудың жеңімпаздарын құттықтау үшін мәдениет майталмандарының қорытынды кешіне қатысты.

Үздік ауылдық округті анықтаған әділ қазылар сахна төріне көтеріліп, аталған фестивальдің ұлттық мәдениетімізді насихаттауда ерекше орын алуы керектігін, болашақта өрісі кеңейіп, халық арасында танымал іс-шараға айналса, деген тілектерін жеткізді. Өз кезегінде Дамира Маратқызы барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, номинация бойынша үздіктерді марапаттады. Әділ қазылардың шешімімен бас жүлде Қарасай ауылдық округіне берілді. І орынға Отар ауылдық округі, ІІ орынға Қаракемер ауылдық округі жайғасса, ІІІ орын бірден үш округке: Ноғайбай, Кенен және Сортөбе ауылдық округтеріне берілді. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлық пен Алғыс хат және Диплом ұсынылды.

Салтанатты жиында аудан өнерпаздары ән айтып, көпшілікке керемет көңіл-күй сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.