Бишілер бас жүлдегер атанды

0

Өткен аптада Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында І Халықаралық көпжанрлы «NURAY ART FEST» байқауы өтті. Бұл байқауға «Нұр-Академия Қордай» өнер және шығармашылық орталығының жанындағы Бану Тұрғымбаева жетекшілік ететін «Бану Тұрғымбаева би мектебі» қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Байқауда өнер көрсеткен мектеп тәрбиеленушілері жүлдегер атанып, Дубайға жолдама алды. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Өнертану магистрі Бану Тұрғымбаеваның 38 шәкірті жоғары кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, тамаша нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда, «Томирис» және «Айналайын» ансамбльдері «Айдаһар жылы» атты қытай биімен Супер бас жүлдеге,  «Балауса» ансамблі қазақтың «Тәуелсіздік ұрпақтары» биімен бас жүлдеге, сондай-ақ «Гүл-Бану» ансамблі «Рейхани» хореографиялық композициясы және «Биші балапандар» тобы «Шөжелерім» биімен бас жүлдеге ие болды.  Ал, «Аққу» ансамблі өзбек биі «Қызыл алма» нөмірімен бірінші орынды қанжығалады. Солистер де жоғары деңгейде өнер көрсетті. Диана Бейбіт – Супер бас жүлде, Елизавета Бурукина мен Диана Бейбіт Элзира Сүнетұлламен жұптасып, бас жүлде иегері атанса,  Ләйлә Ешмет бірінші орынды жеңіп алды.

Құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.