Алкогольдік өнімді лицензиясыз сатқаны үшін айыппұл салынды

0

Қордай аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен / Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу/ құқық бұзушылық жасаған азаматша  Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жеке кәсіпкер Ж. Қордай ауданы, Қаракемер ауылында  орналасқан дүкенінен  9 қазан 2024 жылы сағат 00:10-да сол дүкенде сатушы болып тұрып, сатып алушы ретінде келген А.-ға бір шөлмек бөлшек сауда арқылы сатқан.

Сот отырысында Ж. кінәсін толығымен мойындап, іс әрекетіне өкініш білдіріп, дүкенде алкогольдік ішімдік заттарын сатуға лицензиясы жоқ екендігін көрсетті.

Ж.-ның кінәсі баянатпен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, алкоголь өнімін сатып алушының түсініктемесімен және тағы басқа іс құжаттарымен толық дәлелденді.

Сот  қаулысымен жеке кәсіпкер Ж-ға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  147 680 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.