Шекараны заңсыз кесіп өткендер қолға түсті

0

2025 жылы 14 қаңтарда Жамбыл облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен Бангладеш Халық Республикасының 5 азаматын ұстады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 392-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сотпен күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібін және  оның режимін бұзу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.