АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

0

Халықпен тығыз байланыс орнату – Президент тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды шаралардың бірі. Осы бағытта аудан әкімі Бегзат Болатбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл жолғы қабылдау «Аманат» партиясы аудандық филиалында өтті.

Қабылдауға 15 тұрғын қатысып, олар тұрғын үй мәселелері, қаржылай көмек көрсету, газдандыру, жұмысқа орналасу, жер телімдеріне қатысты сұрақтарын көтерді. Әкім әрбір өтінішті мұқият тыңдап, мәселенің шешілу жолдарын талқылап, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.

Мұндай кездесулер халықтың талап-тілектерін тікелей тыңдап, олардың шешілуіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Әкімдік өкілдері бұл жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осындай диалог алаңдары арқылы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, мәселелерді уақытылы шешуге басымдық берілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.