ҚАЙРАТКЕРДІ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ

0

Таяуда аудандық білім бөліміне қарасты Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясының спорт залында, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 113 жыл толуына орай, волейболдан жоғары сынып оқушылары арасында мектеп біріншілігі өткізілді.

12 қаңтар мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 113 жыл! Заманның заңғар тұлғасын еске ала отырып, спорттық ойынды дамыту және оқушылар арасында достық қарым қатынасты нығайту, оқушылардың денсаулығын арттыру және жылдамдыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шара асқақ үнді Әнұранымыздың шырқалуымен басталды. Жарыстың ашылу рәсімінде алғысөз алған директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Айгүл Қуатбекқызы барша қатысушыларға сәттілік тілеп, шараның өтуіне қолдау білдірген мектеп директоры Назира Танабековаға алғысын білдірді. Шамамен екі сағаттық уақытқа созылған турнирге аталмыш мектептің дене-тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Д.Нұрғалиев, А.Кетеркеев, А.Қоқымбаев, Б.Алтынбаев, И.Естемесов, Б.Селтаев, Қ.Жұмабаев, Д.Атажанов, С.Баисов әділ-қазылық жасады. Тартысқа толы өткен жарыс нәтижесінде, ұлдар арасында: жүлдері бірінші орынды – 11 «А» сыныбы, екінші орынды – 9 «Б» сыныбы, үшінші орынды – 9 «В» сыныбы иеленді. Ал, қыздар арасында: бірінші орынды – 9 «Д» сыныбы иеленсе, екінші орынды – 9 «Б», үшінші орынға 10 «А» сыныбы тұрақтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мектеп директоры атынан арнайы диплом және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.