Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде «Әскери антқа адал бол» тақырыбында онкүндік өтті.
Онкүндік аясында жеке құраммен жарғыға қарсы қарым-қатынастың алдын алу және билікті асыра сілтеу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жеке қарым-қатынастың проблемасы, әскери қызметшілер арасындағы жанжалды шешу, әскери ұжымды басқару психологиясы. Қылмыстық құқық-бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік тақырыптары бойынша сабақтар жүргізілді. Сондай-ақ, барлық санаттағы жеке құраммен тәрбие жұмыстары ұйымдастырылып, сұхбаттар мен әлеуметтік жағдайлары бойынша жасырын сұрақ-жауап алынды.
Сонымен қатар, Әскери полиция бөлімі әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты Жамбыл Әбікеев құқық-бұзушылықтың алдын алу бойынша 82796 әскери бөлімінің жеке құрамымен сабақтар өткізді.
- Бауыржан Момышұлы айтқандай «Тәртіп — тәрбиенің құлы, тәртіпті Отанның ұлы», тек әскери тәртібі мығым әскери ұжым ғана қойылған кез келген тапсырмаларды сапалы орындауға қауқары жетеді. Онкүндік аясында біршама іс-шаралар жүзеге асырылды. Тәртіпті нығайту бойынша жүргізілген тәрбие жұмысы іс-шаралар әлбетте өзінің оңтайлы әсерін тигізетініне сенім артамын, — деді 82796 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Біржан Азмұхаметов.
Гвардейск гарнизоны
баспасөз қызметінің бастығы
майор Жомарт Тажиханов