ЕРЛІК – БАТЫЛДЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ

0

Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлерінің оқу орталығында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналып танымды іс-шара өтті.

Әскерилер жауынгерлік жолы аңызға айналған мерген қыздың рухына тағзым етіп, оның жас болғанына қарамастан, ерлік пен қайсарлықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің нағыз үлгісін көрсеткенін атап өтті.

Шара Әлияның өмір жолын баяндаудан басталды. Қазақстанда дүниеге келген ол ұшқыш болуды армандаған, бірақ соғыс оның тағдырын өзгертті. Снайперлік мектепте білім алып, майданға аттанған Әлия өз шеберлігін ерлікпен дәлелдеді. Оның соңғы шайқасы Псков облысында өтті. Ауыр жараланғанына қарамастан, ол соңына дейін шайқасып, жауға тойтарыс берді.

Сабақ барысында курсанттар тарихи деректермен танысып, Әлия туралы деректі кадрларды тамашалады. Сондай-ақ, тарихшылар мен ардагерлердің естеліктерін тыңдап, батыр қыздың ерлігінің бүгінгі ұрпақ үшін маңызын талқылады.

Іс-шара соңында қатысу-шылар Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.