Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында «Қысқы көріністер» атты қолөнер сайысы өтті.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Қыс мезгілінің де өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше қыс айын балалар жақсы көреді. Адамдар сырғанақ теуіп, аппақ қардың әдемілігін, табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Орталығымызда осындай қыстың әдемілігін, көрсету мақсатында, қолдан жасалған заттар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге балалар ата-аналарымен бірігіп жасаған заттарын тамашалауға қойды. Тағайындалған комиссия мүшелері көрме заттарын тамашалап, өз бағаларын берді. Нәтижесіндже Абдулаһ Орынбек 1-орынға ие болса, 2-орынға Айсұлтан Думанұлы, ал 3-орынды Рашида Хазиев иеленді. Өзге де қатысушылар белсенділік танытқандары үшін марағапатталып, сыйлықтары табысталды.
Н.ЖАМАНКУЛОВА, мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы әдіскері