ҚОРДАЙ АУДАНЫ СОРТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР КАРАСАРТОВ ГАБИТ ДЖУМАШЕВИЧТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Мен, Карасартов Габит Джумашевич 1972 жылдың 17 ақпанында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Күнбатыс-2 ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары. 2000 жылы Алматы қаласындағы «Қайнар» университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтадым. 2005-2008 Масаншы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы; 2012-2013 жылдары Қордай ауданы әкімдігінін жұмыспен камту бөлімінің әлеуметтік қызметкері; 2013-2020 жылдары Масаншы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-заңгері; 2020-2022 жылдары Қарақоңыз ормандарды және жануарлар дуниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңгері; 2022-2023 жылдары Масаншы ауылдық округі әкімі аппаратының   бас маманы болып жұмыс істедім. 2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы, Масаншы ауылдық округі әкімі аппаратында, ауыл әкімінің орынбасары қызметін атқарудамын. Үйленгенмін, 7 балам бар.

Құрметті сайлаушылар!

Менің басты мақсатым – Әділетті қоғамның қалыптасып, ауыл тұрғындары табысының барынша артуы болып табылады. Ол мақсатқа жету үшін төмендегі негізгі бағыттарға тоқталғым келеді.

  1. Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеңілдетілген несие, гранттарға қол жеткізуіне ақпараттық қолдау жасауға;
  2. Өз округімдегі жолдардың сапасын қатаң бақылауға алу;
  3. Сортөбе округінің тұрғындарының сапалы өмір сүруіне барынша қолдау көрсетуге;
  4. Ауылға келген жас мамандардың аудан әкімшілігі арқылы әлеуметтік және материалдық жағдайларын дер кезінде шешілуіне ықпал ететін боламын.

Сайланудағы менің басты мақсатым – сіздермен тығыз ынтымақтаса болып, аудан халқының денсаулығынына байланысты мәселелер мен міндеттерді өз деңгейінде шешу үшін бар күш жігерімді жұмсаймын!

Мен Сортөбе ауылдық округі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Біз бірге алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.