ҚОРДАЙ АУДАНЫ СОРТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР ДЖУНУРОВ МУСА ХИЯЕВИЧТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Мен, Джунуров Муса Хияевич 1972 жылдың 24 шілдесінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы Масаншы ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – дүнген, білімім – жоғары. 1996 жылы Ресей, Бурят ауылшаруашылық институтын «Зоотехния» мамандығы бойынша аяқтадым. 1997-2002 жылдары Қырғызстан республикасы Кант ауданының Люксембург ауылында зоотехник, 2003-2008 жылдары Қордай ауданы, Масаншы ауылының «Дищун» шаруа қожалығының басшысы, 2009-2017 жылдары Қордай ауданы, Масаншы ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істедім. 2017 жылдан осы күнге дейін Қордай ауданы, Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет етемін. Үйленгенмін, 4 бала тәрбиелеудемін.

Егер мен Сортөбе ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлансам ауылдың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа отырып, қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында шаралардың іске асыруына ат салысатын боламын. Сонымен қатар, келесідей жұмыстарды атқарамын:

— округтегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыстарды жандандырамын;

— 2025 жылы интернет жылдамдығын арттырамын;

— 2025-2027 жылдары аралығында шағын бизнес ашуға қолдау көрсетемін;

— 2025-2027 жылдары аралығында жолдарды жөндеу, жол белгілерін орнату, жұмыс орындарын құру, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге бар күшімді саламын.

— 2025-2027 жылдары аралығында әлеуметтік саланы дамытуға атсалысамын;

— 2025-2027 жылдары аралығында инфрақұрылымды дамытуға ықпал етемін.

Қорыта айтқанда, менің алға қойған басты міндеттерім, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыта отырып, келешекте одан ары көркейіп гүлденуіне барынша өз үлесімді қосамын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.