ҚОРДАЙ АУДАНЫ СОРТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР ШОРАЕВ АСКАР ШОРАЕВИЧТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Мен, Шораев Аскар Шораевич 1975 жылдың 7 қазанында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Ауқатты ауылында дүниеге келгенмін. Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары. 2002 жылы Қырғызтан Республикасы, Халықаралық басқару, құқық, қаржы және бизнес академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтағанмын. 2003-2021 жылдары Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Ауқатты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-қаржы агенті болып қызмет атқардым. 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Ауқатты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарып келемін. Үйленгенмін, 3 бала тәрбиелеймін.

Егер мен Сортөбе ауылдық округі әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа отырып, ауыл тұрғындарының мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін дамытуға, ұлтаралық келісімді нығайтуға, ауылға лайықты қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында шаралардың іске асырылуына ат салысатын боламын:

— Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларын ауыл тұрғындары арасында насихаттай отырып, ондағы көрсетілген мәселелерді ауылда жүзеге асыруға үлес қосамын;

— Ауылдық округтегі кәсіпкерлікті дамыта отырып, жергілікті салықтардан түсетін кіріс көздерін ауылдағы қауымдастық кеңес және ардагерлер кеңесінің мүшелерімен ақылдаса отырып қажетті шаруаға жұмсау, ауылдың жағдайын ары қарай жақсарту үшін күш жігерімді саламын;

— Ауыл тұрғындарына көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ат салысамын;

— Ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан берілетін барлық жеңілдіктер мен қаржылай қолдауға шаруа қожалықтарының қолжетімдігін қамтамасыз етемін;

— Ауылда қоғамдық тәртіптің сақталуына, ауыл жастарының тәрбиесі бойынша жүйелі жұмыстар жүргіземін;

— Ауылдағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, қарттарға, мүгедектерге және көп балалы аналарға әлеуметтік және қайрылымдық көмек көрсетуге ықпал етемін;

— Алдағы уақытта әлуметтік сала, экономика, инфроқұрылымның дамуына, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, атқарылып жатқан өзге де саяси бағыттардың жүзеге асуына үлес қосамын.

— Ауылдағы жайылым жерлер мәселесін қарастыруға ықпал етемін.

Қорыта айтқанда менің алға қойған басты міндеттерім ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыта отырып, келешекте одан ары көркейіп гүлденуіне барынша өз үлесімді қосамын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.