СЕРЖАНТТАРДЫҢ ДАЯРЛЫҒЫ ШЫҢДАЛДЫ

0

Гвардейск гарнизоны 30212 әскери бөлімінің базасында бригадалар, полктер мен базалар сержанттарының оқу-әдістемелік жиындары өткізілді.

Жиындың негізгі мақсаты – сержанттардың кәсіби даярлығын арттыру, бағыныштыларға басшылық ету дағдыларын пысықтау және бөлімшелердің жауынгерлік және күнделікті қызметін ұйымдастыру әдістемесін жетілдіру болды.

Оқу-әдістемелік іс-шараға теориялық және практикалық сабақтар кірді:

— Әскери-кәсіби дайындық: заманауи тактикалық әдістерді үйрену, қару-жарақ пен әскери техникамен жұмыс жүргізу.

— Көшбасшылық қасиеттер және жеке құрамды басқару: командалық дағдыларды дамыту, тәрбие жұмысы және тәртіпті сақтау.

— Сабақтарды өткізу әдістемесі: өз бөлім-шелерінде оқу іс-шараларын жоспарлауға және ұйымдастыруға оқыту.

— Дене шынықтыру: физикалық төзімділік және саптық дайындық нормативтерін орындау.

Жауынгерлік міндеттерді орындау жағдайында бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше назар аударылды.

Оқу-әдістемелік жиындардың қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер жоғары дайындық деңгейі мен көшбасшылық қабілеттерін көрсеткендері үшін қолбасшылық тарапынан арнайы сыйлықтар және дипломадармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.