«Өнер көзі халықта» байқауы өз мәресіне жетті. Қордай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 27 ақпан күні шешуші гала-концерті өтті. Осыған дейін ауданымыздың үш аймағында сынға түскен өнерпаздар аудан орталығында кім мықтыны анықтады.
Мәдениет үйінде болған шарада 68 қатысушы бақ сынап, «жүзден жүйрік деген» кіл мықтылары жеңіс тұғырынан көрінді. Жекелей тоқталсақ, «Вокал» номинациясы бойынша Бас жүлдеге Даниял Сейдалы, Көркемжан Мамыш ие болса, І-орынды Әділет Ұлдахан, Владислав Третьяков, Айжан Нұрмаханбетова өзара бөлісті. ІІ-орынға Алинур Болат, ІІІ-орынға Сумая Тілеумуратова, Төлеген Рысқұлов, Хамза Шахмерден ие болды.
«Көркем сөз» номинациясы бойынша Бас жүлдені Рахат Диасбек, «Таңғажайып әлем» «Көлеңке» театры жеңіп алды. І-орынға Жансая Иса, Айнур Абдулмақсатқызы, ІІ-орынға Ержан Қадамбай, Бекзат Идрис, Хамза Саймуханбет, Дана Шаймарданова жайғасты. ІІІ-орын Замир Көшербаев, Вера Маринкова, Жанел Кенжалыға бұйрыды.
«Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Бас жүлде Байжан Рамазан мен «Өнер» студиясы «Домбыра» тобына бұйырса, І-орынға Саян Тілеумұрат, «Бастау» домбыра ансамблі және Әмірлан Жұмағалиев ие болса, ІІ-орынды «Жас екпін» дәстүрлі ән тобы, Мирас Оңғар, Әсем Қалмен жеңіп алды. ІІІ-орынға «Тұмар» ұлт-аспаптар ансамблі, Мирас Жұмаділ, Нұрислам Айдаралиев, Аяжан Халықберді ие болды.
«Хореография» бойынша Бас жүлдені «Айша» би тобы жеңіп алса, І-орынға «Махаббат», «Еркеназ» би топтары мен Көбаева Алина лайық деп танылды. ІІ-орынға «Аяла», «Шолпы» би тобы ие болса, ІІІ-орын «Мейірім» мен «Жұлдыз» би топтарына бұйырды.
Барлық қатысушылар диплом, алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар қатысушыларды дайындаған жетекшілеріне арнайы алғыс хат табыс етілді.
Қордай аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Ғалия Иманбаеваның ұйымдастыруымен өткен шарада ҚР мәдениет саласының үздігі айтыскер ақын Күміскүл Сәрсенбаева, ҚР мәдениет саласының үздігі Қарлығаш Қожағазина, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Есім Урпеков, Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлдана Сатқали, Қордай аудандық мәдениет үйінің
директоры Мақсат Балмұханбетов, «Ойжайлау» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Ұлдан Шалабаева, Қордай аудандық мәдениет үйінің режисері Махаббат Баденова әділ-қазылық жасады.