ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0

Аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері Қырғызбай Батыров, Мұрат Байгелов аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Эльдар Дунчебаевпен бірге Қордай ауылындағы ірі сауда орталықтарын аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. «Флагман», «Кордай сити», «Семейный», «Семейный-2» сауда үйлерін аралаған кеңес мүшелері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағадан аспауын бақылап, оны жіті назарда ұстау бойынша ұсыныстар айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.