Биылғы әскерге шақыру компаниясы әскери қызмет қауіпсіздігі мәселелерінде бірқатар шара қабылдаумен, есепке алу-шақыру жұмысын цифрландырумен, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының қызметін оңтайландырумен ерекшеленеді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов айтып берді.
Ол Әскери-патриоттық тәрбие туралы заң жобасында СМС-хабарламаны әскерге шақырылушыларға хабарлау тәсілі ретінде бекіту мәселесі қарастырылатынын, яғни бұл хабарлама шақыру пунктіне іс жүзінде келуге «цифрлық шақыру» болып табылатынын түсіндірді.
«Бүгінде Қарулы Күштерді цифр-ландыру шеңберінде азаматқа қатысты әскери есепке алудың барлық мәліметі оның «Egov» және «Мgov» электрондық үкімет мемлекеттік көрсетілетін қызмет-тер порталдарындағы «жеке каби-нетінде» көрсетіледі. Бұл қызметті өткен жылы 700 мыңға жуық адам пайдаланды», — деді Сәкен Жүсіпов.
Келесі жаңалық – 17 жастағы балаларды әскери есепке қою Электрондық үкіметтің белсенді форматына ауыстырылды. Оған шақыруды кейінге қалдыру және босату кіреді. Оның ішінде білімін жалғастыратын, бір және одан да көп баласы бар азаматтар, жұмыс істейтін педагогтар, ауылдық жерлердегі дәрігерлер және ғылыми дәрежесі бар азаматтар бар.
«Мысалы, өткен жылы 160 мыңнан астам жас тіркелді, кейінге қалдыру бойынша мемлекеттік қызметті 300 мыңға жуық азамат пайдаланды, жоғарыда аталған негіздер бойынша босату 360 мың адамға берілді», — деді спикер.
Ол әскерде әскери қызметшілерге ата-аналарымен және туыстарымен бейне байланыс арқылы хабарласуға мүмкіндік беретін «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі белсенді қолданылатынын айтты. «ARMIA.KZ» ақпараттық қызметі жұмыс істейді. Ол Қарулы Күштерді цифрландыру және «ашық үкімет» қағидаты бойынша азаматтармен өзара іс-қимылды жақсарту үшін құрылған.