АМАНДЫҚ-САУЛЫҚ СҰРАСҚАН

0

Бұл күні ел бір-біріне амандық тілеп, жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, төс қағыстырып көрісу – атадан қалған игі дәстүр.

Киелі Қордай өлкесі де бұл мерекені ерекше ықыласпен атап өтуде. Қаракемер ауылының қазыналы қариялары Масаншы ауылына арнайы келіп, ағайынмен көрісті.

Масаншы ауылдық мәдениет үйінің алдында ұйымдастырылған мерекелік шараға жиналған көпшілік қазақы дәстүрге сай, оюлы шапан мен қамзол киіп, бір-біріне ақ тілегін арнады. Қаракемер ауылдық ардагерлер кеңесі бастаған ақсақалдар Масаншы тұрғындарының хал-жағдайын сұрасып, амандық-саулық тіледі.

Түрлі этнос өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан өлкеде Көрісу күні мейірім мен сыйластықтың мерекесіне айналды.

Шара соңында жиналған жұрт естелікке суретке түсіп, мерекелік көңіл күймен тарқасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.