ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕР

0

8 сәуірде Қалғұты ауылының №52 орта мектебінде Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен, «Степной ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында №243, №244, №245 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинары өтті. Оқыту-семинарға Қордай аудандық  сайлау комиссия мүшелері және аталған  учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Дәріс беру алдында тест өткізілді. Оқу-семинарының жоспарына сәйкес «Байқаушылармен, сенімді өкілдермен және БАҚ өкілдермен жұмыс жүргізу алгоритмі», «Сайлау күні сайлаушыларды тізімге енгізу және сайлаушылардың құқығы» және «Сайлаушылардың дауыс беретін уақыт пен орны туралы хабардар етудің алгоритмі» тақырыптарында Қордай аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Э.Күмекбай сөз сөйледі.

Оқу-семинарының жоспарына  сәйкес, екінші мәселе бойынша «Степной ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру күніндегі іс-шаралар реттілігінің алгоритмі туралы» №244 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Д.Бигазиев сөз сөйледі.

Келесі дәріскер, Қордай аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Ниязгулова «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы» және «Мүгедектігі бар сайлаушыларға дауыс беруді ұйымдастыру алгоритмі туралы» тақырыптары бойынша түсіндірді.

Әрі қарай, Қордай аудандық сайлау комиссиясының мүшесі Е.Токтогулов «Сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау комиссиясының әрекеттеріне шағым жасау, оларға қаралған құқықтық жауапкершілік туралы» және «Төтенше жағдай және арыз-шағымды қарау алгоритмі туралы» тақырыбында түсініктеме берді.

Әр тақырып бойынша Қодай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы қосымша пікір білдіріп, қорытындылады. Сонымен бірге учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне кейстік және ситуациялық сұрақтар қойып, жауап алынды.

Семинар тақырыптары бойынша дәріс оқылғаннан кейін, шара соңында оқылған тақырыптарды бекітуге арналған қорытынды тест алынды.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.