ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі №26 ө-ж/қ өкімімен Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 сәуірдегі шешімінің негізінде ҚАРАБАЕВ МАДИЯР БАҚЫТБЕКҰЛЫ Қордай ауданы Степной ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Жаңа ауыл әкімін округ активіне Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл арнайы барып таныстырды. Кездесу барысында Мадияр Бақытбекұлының өмірбаяны мен қызметтік тәжірибесі таныстырылып, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы алдағы жоспарлар талқыланды.

Жиын барысында аудан әкімі Бегзат Болатбековтың бірқатар нақты тапсырмалары жеткізілді. Атап айтқанда, округтегі өзекті мәселелерді ауыл ақсақалдарымен, қауымдастықпен бірлесіп анықтап, олардың тізімін жасау және қажет болған жағдайда бюджеттік өтінім дайындау тапсырылды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі тиіс екені айтылды.

Қарабаев Мадияр Бақытбекұлы 1994 жылы 9 мамырда дүниеге келген.

Ұлты — қазақ.

Білімі — жоғары. 2016 жылы Шымкент университетін «Тарих» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2017 – 2019 жылдары «Қордай шамшырағы -Кордайский маяк» аудандық қоғамдық – саяси газетінің тілшісі ретінде бастаған.

2019 – 2022 жылдары «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» аудандық қоғамдық – саяси газетінің бөлім басшысы, 2022 – 2023 жылдары Балалармен жасөспірімдер шығармашылық орталығында педагог – ұйымдастырушы болып қызмет атқарған. Қордай аудандық мәслихатының VII – VIII шақырылымының депутаты болып сайланған. 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың қараша айына дейін Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2024 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.