ҚОРДАЙЛЫҚ МАЙДАНГЕРЛЕР ЖЕРЛЕНГЕН ОРЫНДАР ТУРАЛЫ

0

Ұлы Отан соғысында қан кешіп, майдан жолынан ерлікпен өтіп, елге оралып шаруашылықта ерен еңбек еткен майдангерлерді, қаза тапқан, хабарсыз кеткен «Боздақтардың» өмір деректерін білу үлгі түту есте сақтау, ұлықтау бүгінгі біздердің парызымыз.

Ұрпақтың парызы Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін деректеуді 1981 жылы Луговой ауданы Жаңатұрмыс ауылы Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектептің «Парыз» атты Қызылізшілдер тобы қаһармен Брест қамалын қорғаған Жамбылдық жауынгерлерді іздеуден бастадық.

1940-1941 жылдары қамалдағы 33 – ші инженерлік полкта және 125-ші атқыштар полкында борышын өтеген, соғысты қамалда карсы алған 135 Жамбылдық жауынгерлердің есімін, мекенін, соғыстағы тағдырын, елге оралғандардың өмірдерегін анықтап мәліметтерін Брест қамалы мұражайына тапсырып отырдық.

2013 жылы «Парыз» қоғамдық бірлестігін ұйымдастырып, жетекшісі ретінде Новгород, Ленинград облыстарында, Петербор қаласында деректеу сапарында болғанның нәтижесінде 275 Жамбылдық жауынгерлердің есімдері ескерткіштеріне жазылды.

2016 жылы Брест қамалын қорғаған жауынгерлердің 11 ұрпағын ұйымдастырып, Мәскеу – Минск – Хатынь – Брест сапарына апардым.

2018 жылы Волгоградтағы Мамай қорғанында Сталинград шайқасына қатысқан Қазақстандық 7 дивизяның құрметіне үкіметіміз орнатқан ескерткіш белгінің ашылуында және қасиетті туған жеріміздің топырағы салынған құтының қойылу рәсіміне қатыстым.

Аталынған сапарларда 4 деректі бейнефильм түсірілді. 40 жылғы ізденіс деректеулерім бойынша «Парыз» атты еңбегім жарық көрді. 2014 жылы Курск, 2015 жылы Мәскеу, ТМД ізденушілер форумына Республика атынан қатысып, зерттеу ұлықтау деректеулерімді баяндадым.

Петерборда, Пискарев кешен зиратта жерленген Қордайлық жауынгерлер:

Алматаев Аинадит – аудан аймағынан. 25.12.42ж Пребраженск

Афанаскеевич Станислав – аудан аймағынан. 12.03.44ж Пискарев

Власенков Михаил Кирилович – Михаиловка. 25.01.42ж. Пискарев

Қалмамбетов Сақаба – Михайловка. 15.12.44ж. Пискарев

Сұлтанбаев Иманқұл – Красногор. 15.12.44ж. Пискарев

Сілдаев Әбек – аудан. 19.05.43ж Пискарев

Соколов Виктор Антонович – аудан. 14.03.42ж Пискарев

Псков облысы, Невель ауданында жерленгендер:

Атаев Жұха – аудан. 11.11.43ж Землянки Невель

Алашев Садық — Талапты. 17.12.43ж Гудец

Иманов Манар – аудан. 2.03.44ж Старица

Қабылов Құрам – Қарақоңыз. 17.12.43ж Невель Зираты

Сариев Түрікбай – Қаракемер. 22.01.44ж Перевоз

Сүлейменов Теміржан – Михайловка. 19.12.43ж. Самогриха

Омаров А. – Ақтерек. 15.10.43ж. Нелидово.

Нұрбеков Самғабай – Георгиевка. 19.01.44ж. Демяново

Нәдірбаев Керімқұл – Талапты. 24.12.43ж Лутица

Раев Ахан. Красногор. 16.12.43ж Невель 1-май алаңы

Рахманқұлов Жұмалы – Беларық. 16.11.43ж Тимофеевка

Шәкімбаев Ахмет – аудан. 16.11.43ж Манары

Белорустің Гомель қаласы, Рогочев ауд. жерленгендер

Суров Юнур – Сарытөбе. 9.12.43ж. Козловичи

Суров Арли – Қарақоңыз. 8.12.43ж Козловичи

Шевцов Тимофей Василевич – аудан. 24.02.44ж Колосы Рогочев

Минскіде: Мищуков Николай Игнатович – с Горы. 2.03.42ж Мосюковщина

Жеңістің 80 жылдығына облыс және аудандардағы Отаншылдық тәрбиеге жауапты мемлекеттік мекемелердің қолдауы болса «Бозадақтар» ұрпақтары үшін «Тағзым» атты сапар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Нақтылап айтқанда:

Новгород – Петербор сапарын 2025 жылдың 25 сәуірмен – 2 ші мамыр аралығында;

Сарысулық жауынгерлер ұрпақтары үшін, Тверь облысы Зубцов ауданы, Веригино зиратына сапарды 2025 жылдың 4 – 6 мамыр аралығында;

Псков облысы, Невель қаласында 2025 жылдығ 7 -10 мамырда;

Минск – Гомель сапары 2025 жылдығ 18-23 маусымға белгіленді.

Сапарға баратындарыныз тезірек ізденуші, республиканың, ауданның Құрметті азаматы, ҚР «Аманат» сыйлығының иегері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Өлкетанудың үздігі «Парыз» қоғамдық бірлестігі төрағасы Әлі Бекқұлы Әліұлына хабарласыныздар.

Т.Рысқұлов ауданы, Каменка ауылы, А.Абдіманапов 20 мекенжайына, aliev0223@mail.ru электрондық поштасына немесе 8775 539 40 45 номеріне хабарласыңыздар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.