ӘЛЕУМЕТТІК КЕРУЕН ҚОРДАЙ ЖЕРІНДЕ

0

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы өңір әкімдігімен бірлесіп «Жеңістің 80 жылдығына – 80 ізгі іс» акциясы аясында «Ардагерлерге мың алғыс» әлеуметтік керуенін бастады. Игі іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Керуен құрамында білікті дәрігерлер, заңгерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері, қоғам белсенділерімен, жастар бар. Сәсрсенбі күні керуен Қордай жеріне ат басын тіреді.

Әлеуметтік керуен мүшелерін аудан ардагерлері, қоғам белсенділері мен жастар аудан орталығындағы Өтеген батыр ескерткішінің алдында қарсы алды. Одан кейін жиналған дүйім жұрт аудандық Мәдениет үйінің залына жиналып, акцияның мақсаты жайлы сөз қозғалды.

Айта кетейік, «Ардагерлерге мың алғыс» әлеуметтік керуені ардагерлердің тұрмысын жақсарту, патриотизм мен әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Елемес Есбергенов пен облыстық қоғамдық кеңестің хатшысы Жанар Орынбаева әлеуметтік автокеруен Отанымызды жаудан қорғап қалған әкелеріміз бен аталарымыздың ерен ерлігін дәріптейтінін атап өтті. Сондай-ақ олар жеңіс күнін жақындатуға тыл еңбеккерлері де өлшеусіз үлес қосқанын жеткізді.

Акция аясында тыл еңбеккерлері және шалғайдағы елді мекен тұрғындары білікті медицина мамандарынан көмек алып, заңгерлер түрлі мәселе бойынша кеңес берді. Ал жастар мен еріктілер ауыл-ауылдарда көмекке мұқтаж ардагерлерге үй шаруасын реттеуге көмектесті.

Керуен өкілдері ары қарай Степное және Жамбыл ауылдарында болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.