ТӨРТ ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

0

Қордай аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 346 бабының 2 бөлігімен қылмыс жасаған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды /Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру/

Сотталушы А. 22.01.2019 жылы ҚР ӘҚБК-нің 608-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Одан әрі А. көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, өзіне тиісті қорытынды шығармай, түзелу жолына түспестен. 21.03.2020 жылы көлік құралын қайталап масаң күйінде басқарғаны үшін 27.05.2020 жылы ҚР Қк-нің 346 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу және қосымша жаза ретінде өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

23.12.2024 жылы А. сағат: 01.00 шамасында алкогольдік ішімдігі бітіп, тағы да алькогольдік ішімдік ішу ойы туындап, өз иелігіндегі «Subaru Legasy» маркалы автокөлігімен кетіп бара жатып уақытша тұрақталып тұрған «BMW X5» маркалы автокөлігін соғып, оқиға орнынан белгісіз бағытта бой тасалаған.

Сол түні 01.30 сағат шамасында Қордай ауылы Өтеген көшесінде кетіп бара жатқан С. тың басқаруындағы «Audi 100» маркалы автокөлікке соқтығысып жол-көлік оқиғасын жасау кезінде Қордай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің патрульдік полиция тобының инспекторларымен ұсталған.

Сотта анықталғандай, сотталушы А.-ның қылмыстық әрекеттері куәлердің айғақтарымен, сарапшы мамандардың қорытындысымен және басқа да құжаттармен дәлелденді.

Сотта сотталушы өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінді.

Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігiмен кінәлi деп танылып, оған осы баппен өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сонымен қатар мемлекет кірісіне іс бойынша сараптама өндірістеріне жұмсалған 102 (бір жүз екі мың) теңге процестік шығыны және Қазақстан Республикасының «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңнамасына сай, жәбірленушілердің өтемақы қорына 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде — 73 840 (жетпіс үш мың сегіз жүз қырық) теңге мәжбүрлі төлем өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.