ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ

0

Қордай ауданында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің және Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен бірқатар шаралар өтті.

Түсіндіру кездесулері Қарасу, Ауқатты және Бұлар батыр ауылдарындағы мектептерде өтті. Кездесуге Аналар кеңесінің төрайымы Қ.Қыпшақбаева, бас акушер-гинеколог Ш.Өсербаева, Жастар денсаулық орталығының психологы Ж.Оспанқұлова және полиция бөлімінің инспекторы Р.Мадиев қатысты.

Мамандар оқушылармен еркін диалог орнатып, ерте жүктіліктің салдары мен алдын алу жолдарын түсіндірді. Қ.Қыпшақбаева отбасылық құндылықтарға тоқталып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін атап өтті. Дәрігер мен психолог репродуктивті денсаулық пен психологиялық тұрақтылық туралы айтты. Инспектор заңнамалық түсініктемелер беріп, құқықтық жауапкершілік бар екендігін жеткізді.

Шара соңында оқушылар мамандарға сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.