Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 103-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші бос орындар пайда болған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде бос орындардың бар-жоғы туралы мәліметтерді «Электрондық еңбек биржасына» еңбек жағдайлары мен төлемін көрсете отырып, орналастыруға міндетті.
Осыған орай, Сізден қарапайым халыққа қолжетімді болу мақсатында бос орындар туралы мәліметті «Enbek.kz» порталында жариялауды сұраймыз.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 8 сәуірден бастап Қазақстанда жүктілікке және босануға, сондай-ақ бала 1,5 жасқа толғанға дейін күтім жасауға арналған әлеуметтік төлемдерді есептеу және тағайындау ережелерінің өзгеруіне байланысты, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 99-бабының 4-тармағына сәйкес, егер еңбек және (немесе) ұжымдық шарт талаптарында, сондай-ақ жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші орташа жалақыны сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, жүзеге асырылған жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдай бойынша төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегеріп, тиісті демалыстарға ақы төлеуге міндетті.
Осыған байланысты, жүктілікке, бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты төлемдерді төлеу тәртібін еңбек шарттарына немесе ұжымдық шарттарға өзгеріс енгізіп, тиісті төлемдерді жүргізу қажет екендігін назарларыңызға жеткіземіз.
Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі