1992 жылдың 7 мамырында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», деген болатын. Менің ойымша, сондай кертартпа тұстың бірінен құтылу үшін өзіміздің Қарулы Күштеріміздің құрылған күнін, яғни «Отан қорғаушылар күнін» кеңінен насихаттау қажет.
Ескерте кететін жәйт, 7 мамырға арналған мерекелік шаралар, арнайы шеру болмайды. Ал Отан қорғаушылар күніне арналған шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өтеді.