ҚОРДАЙДА АУДАНАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БӨЛІМ АШЫЛДЫ

0

Жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізу, стратегиялық маңызы бар шекара аумағы мен әр түрлі санаттағы мемлекеттік мекемелердің шоғырланғанын ескере отырып, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Шығыс аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі құрылды.

Аталған бөлім Қордай, Шу және Мойынқұм аудандарын қамти отырып, осы өңірлерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және тергеу бойынша ауқымды міндеттерді атқаратын болады. Бөлімнің орналасқан орны – Қордай ауылы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мақажанов Қордай ауданындағы активпен өткен кездесуде, жаңадан құрылған ауданаралық бөлімнің өңір үшін маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Е.Мақажанов алдағы уақытта аймақта сыбайлас жемқорлықтың көрінісін жою бағытында нақты, нәтижелі жұмыстар жүзеге асатынына сенім білдіріп, бөлім басшысын таныстырды.

Бөлім басшысы болып Асхат Рыскелдіұлы Телеу тағайындалды. Асхат Рыскелдіұлы, 1981 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында 2007 жылдан бастап қызмет атқарып келеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет подполковнигі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.