ЖАСТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

0

Қоғамда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен байланысты екені белгілі.

Қордай ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық комиссия мүдделі органдардың оң жұмыс тәжірибесін жинақтап, өз құзыреті шегінде аталған санаттағы отбасыларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған шаралар қабылдауда.

Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың мүддесiн есепке ала отырып, отбасыларының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жасауға көмек көрсетуде.

Мәселен, комиссияның ұйытқы болуымен, аудан әкімінің және демеушілердің қолдауымен 2023 жылы 3 балалы бір отбасының, 2024 жылы 5 балалы бір отбасының, 2025 жылы 2 балалы бір отбасының тұрғын үй мәселесі шешілген. Сондай-ақ, 30-дан аса өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасының әлеуметтік, материалдық, тұрмыстық мәселесі шешімін тапқан.

Аудандық комиссия алдағы уақытта да кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептерді анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша шаралар қабылдауды жалғастыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.