2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19 бабы 1) тармақшасы мен 37 бабына сәйкес 2018-2021 жылдары 2006-2007 жылы Қордай ауылдық округіне жер кезегіне тұрған азаматтарға жер учаскесі берілген болатын. Алайда осы күнге дейын берілген жер телімдерін игермен азаматтарға әкімшілік тараптан жер телімдерін кері қайтарып келесі кезекте тұрған азаматтарға жер учаскелерін беру жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай Қордай ауылдық округі әкімі аппараты 2018-2021 жылы жер телімін алып игермеген азаматтардың жер телімдерін кері қайтару бойынша заңға сәйкес жұмыстар басталғанын хабарлаймыз. Қордай ауылдық округі әкімі аппаратына жолығуды сұраймыз. (Мекенжай: Қордай ауылы, Төле би көшесі №53. телефон: 2-15-05)