ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАЙДЫ
2026 жылғы 2 қарашада сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Сәрсембаев Төлеген Қапсалықұлы Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында аудан тұрғындары мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдайды.
Қабылдау барысында азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдері мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша өтініштерін білдіріп, ұсыныстары мен шағымдарын жеткізе алады, сондай-ақ өздерін толғандырған сұрақтарын қоя алады.
Қабылдау мекенжайы: Қордай ауданы, Қордай ауылы, Домалақ ана көшесі, 207.
Анықтама телефоны: 8 (72636) 2-15-63
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеңсесі: 8 (7262) 45-25-61.