БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

0

17 мамыр – байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күніне орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандарының ұйымдастыруымен жастарға арналған ерекше танымдық экскурсия өтті. Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» жобасы аясында жүзеге асты.

«Байланыс эволюциясы» атты бұл шара барысында қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ-ның аудандық қызметімен танысты. Уақыт көшінде телекоммуникация саласы қандай өзгерістерді бастан өткерді? Байланыстың қарапайым хат тасушыдан бастап, ғаламтор желісіне дейінгі даму кезеңдері қалай өрбіді? Бұл сұрақтарға нақты жауап берген экскурсия жастардың қызығушылығын оятты.

Қатысушылар байланыс саласындағы техникалық жаңалықтарды көзбен көріп, талай буынның тынымсыз еңбегімен жеткен жетістіктерге куә болды. Заманауи интернет желісі, мобильдік байланыс жүйесі мен «Ақылды қала» тұжырымдамасына негізделген цифрлық технологиялар таныстырылды.

Бұл экскурсия – тек танысу емес, болашаққа бағытталған кәсіби бағдар. Себебі қазіргі заманда байланыс саласы — ел дамуының басты тіректерінің бірі. Ақпарат дәуірінде өмір сүріп жатқан жастар үшін бұл салада терең білім мен тәжірибе жинақтау аса маңызды.

«Байланыс эволюциясы» – бұл тек техниканың даму жолы ғана емес, адамзаттың бір-бірімен түсінісуге, табысуға, жақындасуға деген ұмтылысының айғағы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.