Жуырда Ауқатты ауылында «Ардагерлер белсенділігі – ұйым беделінің бастауы» атты көшпелі-семинар кеңес отырысы өтті.
Семинарға Президиум мүшелері Қ.Әлімжан, С.Саламатов, М.Алтыбаев, Р.Қағазбай және ауданға қарасты 19 ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағалары, билер, әкелер, аналар алқасы төрағалары мен төрайымдары қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Отырысқа Ауқатты а/о әкімі Алмас Иенберген қатысты. Кеңес отырысын Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет ашты. Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды: «Ауқатты ауылдық округінің бастауыш ардагерлер кеңесінің ардагерлердің өмір сүру жағдайын жақсартуға, жастарды қазақи дәстүр салт аясында тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беруде атқарып жатқан жұмыстары туралы» Ауқатты а/о ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Семжанов баяндама жасады. Екінші мәселе «Ғұмыр Дария» газетке жазылым барысы туралы» аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Әлімбет мәлімет берді.
Семинар барысында қатысушылар Ауқатты ауылдық округі әкімдігі аппаратының қолдауымен ардагерлерге арналған арнайы кабинеттің жұмысымен танысып, оның қызметін жоғары бағалады. Сонымен қатар, ауылда атқарылған жұмыстардың барысы мен ардагерлерге көрсетіліп жатқан қолдау шаралары кеңінен таныстырылды. Ауылдық округ әкімідігі аппаратының қолдауымен ардагерлер ұйымына 4 бөлмелі ғимарат бөлінген. Билер кеңесі, Әкелер кеңесі, Аналар алқасы кеңестеріне бөлмелер қарастырылған. Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істеуі үшін 1 қызметкер компьютермен бөлінген. Ардагерлер кеңестері кезекшілікпен қызмет атқарады. Қызметтер қоғамдық негізде атқарылады. Осы іс-шара үшін аудандық кеңес төрағасы округ әкімі А.Иенбергенге үлкен Алғысын білдірді. Осындай іс-шаралар барлық ауылдық округтерде өткізілетініне сенім білдірді.
Аталған шара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Әлімбет көтерген бастаманың және округ әкімінің қолдауының нәтижесінде ұйымдастырылды. Жиын барысында ардагерлер қоғам өміріне белсене араласу, ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Ардагерлер ұйымдарына бала тәрбиесіне, жасөспірімдер тәрбиесіне баса көңіл аудару тапсырылды.
Кеңес отырысынан кейін барлық ауылдық округ ардагерлері, қариялар, әжелер «Туған жер – киелі мекен» айдарымен киелі де қасиетті жер қазақ елінің соңғы ханы, батыры, азаттық үшін арпалысып, жан берген Кенесары ханның және оның батыр сарбаздары үшін қойылған ескерткішке барып, Құран бағыштап, тәу етіп қайтты.
Қордай аудандық ардагерлер кеңесі