– Байзақ ауданының экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыруға, жұмыс орындарын сақтауға және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға басымдық берілуде.
Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты. Жұмыс сапары барысында кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктері, алдағы даму жоспарлары және кәсіпкерлерді толғандырған мәселелер талқыланды. Сонымен қатар өнім көлемін арттыру, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын ашу мәселелеріне назар аударылды.