Жас сарбаздар алғаш рет атыс қаруынан оқ атты

0

Гвардейск гарнизонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің әскер қатарына жаңа келген сарбаздары атыс даярлығы сабағында қарудан бастапқы жаттығуды орындады.

Іс жүзінде өтетін атыс сабағы Құрлық әскерлеріне қарасты Қарасай батыр атындағы оқу-жаттығу орталығының полигонында жүргізілді. Атыс қаруынан бастапқы жаттығуы әскерге жаңа келгендердің бағдарлама жоспарына сәйкес қауіпсіздік шаралары сақталып, ұйымдастырылды. Жас сарбаздар атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындау алдында қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын жан-жақты үйреніп, бастапқы жаттығу мен ату кезіндегі қауіпсіздік ережелерін жатқа меңгерді.

Сонымен қатар, атыс даярлығы барысында оқу-жаттығу орындарында атыс қаруынан атуға дайындалу, атыс қаруын дұрыс көздеу және тағы басқа нормативтерді орындады.

— Біз бүгін алғаш рет атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындадық. Жаттығуды өте жақсы деген бағаға орындадым. Бұл жетістігім офицерлер мен сержанттардың үйреткен әдіс-тәсілдерін қолданудың нәтижесі деп ойлаймын, — деді 82796 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы жауынгер Алексей Григорий.

 

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.