ҚХР ТӨРАҒАСЫ СИ ЦЗИНЬПИН АСТАНАҒА САПАРМЕН КЕЛДІ

0

16 маусым күні Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Астана қаласына мемлекеттік сапармен келді. Құрметті мейман мінген әуе кемесін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары ел шекарасынан бастап елорда әуежайына дейін алып жүрді.

Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды. Трап басында Құрмет қарауылы сап түзеп, ресми қарсы алу рәсімі өткізілді.

Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды. Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.

Айта кетейік, сапар аясында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізілді. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.