ҚЫЗЫҚТЫ ЭСТАФЕТА – ДЕМАЛЫС СӘНІ

0

12 маусым күні «Балауса» сауықтыру лагерінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәртіп пен Заң» және «Қауіпсіз Қордай» жобасы аясында балаларға арналған спорттық эстафета өткізілді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, дене белсенділігін арттыру және патриоттық рухты қалыптастыру болып табылады. Эстафета барысында балалар түрлі спорттық кезеңдерден өтіп, жылдамдықтары мен ептіліктерін сынға салды.

Шара соңында барлық қатысушылар мен жаттықтырушылар алғыс хаттармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Осындай игі бастамалар өскелең ұрпақтың бойында тәртіп, отансүйгіштік пен салауатты өмір салтын ұстану сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.