ӘСКЕРИ ҰШАҚ МАКЕТТЕРІНІҢ КӨРМЕСІ

0

Аудандық тарихи-өлкетану музейінің Масаншы ауылдық үйірмесінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери ұшақ модельдерінің (макеттерінің) көрмесі ұйымдастырылды.

Шараға Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының оқушылары және «Ертөстік» балабақшасының «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері қатысты. Көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдары қолданылған әртүрлі әскери ұшақтардың шағын модельдері (макеттері) қойылды. Балаларға ұшақтардың үлгілері, олардың қандай мақсатта қолданылғаны, қандай ерекшеліктері болғаны жөнінде қызықты мәліметтер берілді.

Ұшқыш батырлар туралы деректер мен архивтік суреттер ұсынылған кітаптар, альбомдар арқылы көрме мазмұны толықтырылды. Балалар көрме үстеліне қойылған әскери ұшақтардың шағын көшірмелерін қарап, парақшалар мен суреттерді бірге зерделеп, тарихқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Әсіресе ұшақтардың майдандағы рөлі туралы тың деректер олар үшін ерекше жаңалық болды. Балалар мен бүлдіршіндерге арналған бұл танымдық көрме оларды тарихпен байланыстырып, патриоттық рухты сезінуге мүмкіндік берді. Осындай шаралар арқылы жас буынның ел тарихына, ерлікке және Отан қорғаушыларға деген құрметі арта түсетіні анық. Көрмеден соң оқушыларға үйірме залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.