Қордай ауданы Масанчи ауылдық округінің Масанчи ауылындағы Береговая көшесінің тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысы №1 ХАТТАМАСЫ

0

Масанчи ауылы 12.06.2025 жыл.

Жиналыс төрағасы: Х.Буларов — Масанчи ауылдық округінің әкімі

Жиналыс хатшысы: Ф.Локияева — Масанчи ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Жиналысқа қатысқандар:

жергілікті қоғамдастық мүшелері – 27 адам;

көше тұрғындары – 50 адам.

Күн тәртібінде:

Масанчи ауылындағы Береговая көшесін Шерхан Мұртаза көшесі деп қайта

атау туралы.

Тыңдалды: Х.Буларов – Масанчи ауылдық округінің әкімі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес («Әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларын беру, нақтылау және транскрипцияларын өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескру қағидаларын бекіту туралы») Масанчи ауылындағы Береговая көшесін Шерхан Мұртаза көшесі деп қайта атау туралы түскен ұсыныс бойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз. Өз пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді сұраймын.

Анықтама үшін (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы. 19- бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртібі. Әкімшілік – аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақбасқа да физикалық-географиялық обьектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады).

Сөйлегендер: Ш.Исмаров, С.Хуров, И.Щимеев – жергілікті қоғамдастық мүшелері: Масанчи ауылындағы Береговая көшесін Шерхан Мұртаза көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдаймыз.

Сөйлеген: Р.Малиев – жергілікті қоғамдастық мүшесі: Масанчи ауылындағы Береговая көшесін Шерхан Мұртаза көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдай отырып, біз мұны орынды деп санаймыз. Шерхан Мұртаза – кеңестік және қазақ жазушысы, қоғам және саяси қайраткер, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Бұл бастама өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде үлкен маңызға ие деп есептейміз.

Сөйлеген: Н.Санва – Береговая көшесінің тұрғыны: Көшеге қайта атау беру мәселесіне байланысты өткізіліп жатқан жиналыс дұрыс деп ойлаймын. Ономастикалық атауларды реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты толық қолдаймын.

Тыңдалды: Х.Буларов – Масанчи ауылдық округінің әкімі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес, елді мекендердің әкімшілік-аумақтық бірліктеріне, олардың құрамдас құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау кезінде жергілікті халықтың пікірін ескеру тәртібімен, сондай-ақ ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында, Масанчи ауылындағы Береговая көшесін Шерхан Мұртаза көшесі деп қайта атау туралы мәселе бойынша ашық дауыс беру өткізілді.

Қолдағандар: 77 адам;

Қарсы болғандар: 0 адам;

Қалыс қалғандар: 0 адам.

Округ әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Масанчи ауылындағы Береговая көшесін Шерхан Мұртаза көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты ауыл тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілігі қолдағанын хабарлады.

ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:

  1. Масанчи ауылындағы Береговая көшесі Шерхан Мұртаза көшесі деп қайта аталсын.
  2. Жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, жергілікті және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен бұл ұсынысты облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

Жиналыс төрағасы Х.Буларов

Жиналыс хатшысы Ф.Локияева

Leave A Reply

Your email address will not be published.