ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

0

Қордай ауданы аумағында Қордай аудандық полиция бөлімінің криминалдык полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен және жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен жас интернет пайдаланушыларға профилактикалық сабақ өткізді.

Қаржылық қауіпсіздік күні аясында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Балауса» лагерінде балаларға қаржылық қауіпсіздік бойынша профилактикалық сабақ ұйымдастырды.

Полицейлер балаларға интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы айтып, алаяқтықтың кең таралған түрлеріне тоқталды. Әсіресе, онлайн-ойындарда туындауы мүмкін қауіптерге ерекше назар аударылды. Мамандар балаларға банк картасының нөмірі, құпия сөздер мен растау кодтары сияқты жеке деректерді ешкімге бермеу керегі туралы түсіндірді. Кездесу барысында полиция қызметкерлері балаларға жеке ақпаратты қорғау жолдарын, интернеттегі қауіпті белгілерді қалай тануға болатынын жеткізді.

Айта кетейік, мұндай іс-шаралар балалардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және қаржылық қауіпсіздік туралы түсінігін кеңейтуге ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.