✔️ Президенттің айтуынша, бүгінде 4 миллионнан астам оқушыны құрайтын өскелең ұрпақ, яғни еліміздің әрбір бесінші азаматы дамыған мемлекетте, қауіпсіз ортада және өркениетті қоғамда өмір сүруі тиіс.
– Осы мақсатта біз әр адамға тең мүмкіндіктер берілетін Әділетті, Күшті, Таза әрі Озық Қазақстанды құруға кірістік және ауқымды реформаларды жүзеге асырдық. Біз елімізге өркендеу дәуіріне жол ашқан іргетас әрі басты құжат – Конституцияны қабылдадық. Конституцияда алғаш рет білім беру мен ағарту жүйесін дамытуға ықпал ететін нақты нормалар көрініс тапты. Атап айтқанда, адами капиталды, ғылымды, білім беруді және инновацияларды дамыту мемлекеттің міндеті әрі оның қызметінің стратегиялық бағыты ретінде бекітілді. Сайып келгенде, бұл – заман талабы. Сонымен қатар біз мемлекеттік билік жүйесін түбегейлі жаңғырттық. Елімізде бір палаталы Құрылтайға алғашқы сайлау өтті. Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды.