ӘРБІР ӨТІНІШ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

0

Өткен аптада аудан әкімі Бегзат Болатбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда ауданның 15 азаматы өтініштерін білдіріп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. Қоғамдық қабылдауға келгендердің дені баспана мәселесін алға тартса, медицина, жер алу, инфрақұрылым және әлеуметтік мәселесімен жүгінді.

Қабылдауға келген әр азаматты зейін сала тыңдаған аудан әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы айтылған өтініштерінің барлығына заң талаптарына сай нақты, толық жауаптар қайтарып, кейбір сұрақтар бойынша аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берді.

Сондай-ақ өз өтініштерімен келген әрбір азаматтың ұсыныстары назардан тыс қалмайтынына сенім білдірді.

Қабылдауға аудан әкімдігінің тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.