«ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН АДАМГЕРШІЛІК ЕГІЗ ҰҒЫМ»

0

Дін – жер бетіндегі адамзат баласының болмысына имандылық иірімдерін сіңіруге қізмет ететін идеологя. Ал бұл өз кезегінде ұлттық идеяні қалыптастырады, ұлттық идея ұлттық рухтан бастау алады.

Әлеуметтің әртүрлі халықтардан құралатыны және әртүрлі діндерді ұстанатыны белгілі. Сол халықтар мен этностар арасында дін арқылы түсіністік пен сыйластықты, келісім мен татулықты, сабыр мен шыдамдылықты, мейірім мен сүйіспеншілікті орнатуға болатыны тағы белгілі. Дін ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, отанға деген мақтаныш пен оның тарихына деген сүйіспеншілік, өз еліне, мәдениетіне, салт-дәстүріне, яғни, патриоттық сезімге кіретін түсінікке тәрбиелейді.

Шын мәнінде, рухани тазалықтың, ар-ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі – дін. Сондықтан да имандылық пен адамгершілікті егіз ұғым деп білген жөн. Иманды адам – қоғамдық қарым-қатынаста ар-ождан тазалығын, әдептілігін, әділеттілігін әрқашан да жоғары қояды. Әдептіліктің өзі адамның дұрыс тәрбие алуына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, дінді қастерлемеген бірде-бір қоғам болмаған. Әлемдік діндерге ортақ қасиеттердің бірі – зұлымдық, зорлық-зомбылық атаулыға, адам бойындағы жаман қасиеттерге қарсылығы.

Кең-байтақ қазақ елі қазіргі таңда дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын ордасына айналды. Өңіріміздегі діни ұстанымның әр алуандығына қарамастан, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілген кешенді жұмыстар нәтижесінде діни ахуал тұрақты.

Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.