ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ

0

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімі Бегзат Болатбеков азаматтарды қабылдады.

Қоғам дамуының өзегі – халық пен билік арасындағы өзара сенім мен тұрақты байланыс. Билік – елдің басқарушы күші, ал халық – мемлекеттің іргетасы мен тірегі. Кез келген мемлекеттің өркендеуі мен тұрақтылығы халық пен билік арасындағы диалог пен өзара түсіністікке байланысты. Жоғарыда атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен тұжырымдама негізінде, аудан басшысы 8 тұрғынның мәселесін тыңдады. Қабылдауға сондай-ақ, тиісті бөлім мен мекеме басшылары, бірқатар ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жеке сауалдардың басым бөлігі тұрғын үй алу мәселесі болса, бірқатар азаматтың көтерген мәселесі қаржылай көмек сұрау және бала денсаулығына қатысты ем алуға көмектесу бағытында болды.

Аудан әкімі тарапынан тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, көтерілген мәселелердің жедел түрде шешілуіне қажетті шаралар қарастырылатыны айтылды.

Бұл халықпен байланыс пен халықтың мүддесіне қарай бағытталған әкімдіктің ашықтығы мен тиімділігін білдіреді.

Аудандағы азаматтардың мәселелеріне назар аударылуы, олардың жағдайын жақсартуға ықпал ететін оңды өзгерістердің бастамасы болып табылады.

Айта кету керек, бұл аудан әкімінің алғашқы қабылдауы емес. Осыған дейін де мәселемен жүгінген көптеген азаматтың ұсынысы мен пікірі ескеріліп, мәселелері оң шешімін тапқан болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.