Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Балауса» жазғы демалыс лагерінде ұлы ақын, философ және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абайдың-асыл мұралары» тақырыбында Абай оқулары өтті. Шара барысында балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы тақырып бойынша мәлімет беріп өтті.
Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы, ұлттық руханияттың шамшырағы. Абайдың даналығы – оның терең ойлы өлеңдері мен қара сөздерінде. Ол адамзаттық құндылықтарды, әділдік пен адалдықты, еңбек пен білімді ең басты орынға қойды. Өз заманының кем-шіліктерін сынға алып, халқын оятуға, алға жетелеуге тырысты. Мысалы, «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» деген нақылында адамгершілік қасиеттерді насихаттайды.
Абай – тек ақын ғана емес, рухани ұстаз. Оның шығармалары бүгінде де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ол бізді еңбекқор, білімді, адамгершілігі мол тұлға болуға үндейді. Әр қазақ баласы Абайды тануға, түсінуге, үлгі алуға тиіс. Себебі Абай – халқымыздың рухани айнасы.
«Балауса» жазғы демалыс лагерінде өткізілген байқаудың мақсаты Абай Құнанбайұлының өлеңдерін және қара сөздерін шығармаларын жастарға насихаттау. Шара барысында тақырып бойынша сұрақ-жауап айдары өткізіліп, Абайдың-асыл мұралары» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Байқауға 10 үміткер қатысып, үміт-керлер Абай Құнанбайұлының өлеңдерін және қара сөздерін жатқа айтып, алғыс хаттармен марапатталды.
Шара соңында оқырмандар «Көзімнің қарасы» әнін хормен орындады.
Дилназ БАЯНБАЕВА, Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері