МЕРКІ – ДӘСТҮР МЕН ДОСТЫҚТЫҢ ДАРИЯСЫ

0

🔴МЕРКІ – ДӘСТҮР МЕН ДОСТЫҚТЫҢ ДАРИЯСЫ 🔰Қазақстан – көпэтносты халқымен мақтанатын, татулық пен келісімді ту еткен ел. Сол ынтымақтың үлгісі – біздің қасиетті Меркі өңірі. Мұнда түрлі этнос өкілдері ғасырлар бойы бірлікте өмір сүріп, ортақ шаңырақ астында тағдыр тоғыстырған. 🔷Аудандағы 8 этномәдени бірлестік – ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтаумен қатар, татулық пен тұрақтылықтың темірқазығы. Біз түрлі мерекелер мен мәдени-көпшілік іс-шараларда өз мәдениетімізді таныта отырып, өзге этнос армен етене араласып, достық байланыстарды нығайтып келеміз. 🔷Әсіресе, жастармен жұмыс – басты назарымызда. Өскелең ұрпаққа үлкендерге құрмет, елге сүйіспеншілік, тарихқа тағзым сынды құндылықтарды сіңіру – этномәдени орталықтардың басты міндеті. 🔷Меркі – достықтың бесігі. Мұнда әр этностың дауысы естіледі, әр дәстүрге құрмет көрсетіледі. Біз ынтымағы жарасқан еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосуды – қасиетті борышымыз деп санаймыз. Берекелі бірлік – болашақ кепілі! Ел іргесі сөгілмесін, ынтымақ мәңгі жасасын! 🖍️Өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Хасанбаев Бахадыр Буаханович

Leave A Reply

Your email address will not be published.